10.1. Фазалы жазықтық, фазалық суреттер
Қисықсызықты жүйелерді зерттеудің негізгі әдістерінің бірі академик А.А. Андронов енгізген фазалы кеңістік әдісі болып табылады.
Әдістің мәні келесіде: егер кез-келген техникалық жүйе n-ші дәрежелі дифференциялдық теңдеумен берілсе, онда оның жағдайы уақыттың әр мезетінде ретелуші шама Y мәнімен немесе кез-келегн басқа шама және оның (n-1) туындысымен анықталады. Зерттелуші шаманың Y және оның барлық туындыларының көпөлшемді координаталар кеңістігі фазалық кеңістік деп аталады. Фазалық кеңістіктегі жүйе жағдайын немесе фазаны анықтайтын, ағымдағы координата мәніне ие М нүктесі кескіндеуші нүкте деп аталады. Жүйе жағдайының кез-келген өзгеруінде кескіндеуші нүкте координаты өзгереді. Оның фазалық кеңістіктегі қозғалысы траекториясы фазалық траекториея деп аталады. Берілеген жүйедегі барлық мүмкін шарттарға сәйкес фазалық траекториялар жиыны фазалық суреттер деп аталады және динамикалық жүйенің барлық мүмкін жағдайларын сипаттайды.
Фазалық кеңістік және фазалық траекториялар жүйелердегі процестердің динамикасы туралы геометриялық түсінік береді.
Фазалық кеңістіктегі тепе-теңдік жағдайына сәйкес нүктені ерекше нүкте деп атайды. Фазалық траекторияның ерекше нүкте маңынан өтуі тұрақтылықтың тепе-теңдік жағдайда екенін сипаттайды.
Негізінде практикада
екі фазалық айнымалы қолданады: негізгі координата, мысалы х және оның
қозғалыс жылдамдығы
.
Бұл екіөлшемді фазалық жазықтық. х және
у шамалары қозғалыс фазасын көрсетеді, осыдан «фазалық жазықтық» тісінігі
шығады.
Осыдан қисықсызықты жүйе теңдеуі келесідей болады:
(10-1)
|
М |
|
|
|
х |
10-1 сурет. Фазалық жазықтық
Екінші теңдеуді (10-1) біріншіге бөліп, фазалық жазықтықтағы интегралды қисық дифференциялдық теңдеуін аламыз:
(10-2)
Бұл теңдеуді шешу көп жағдайда фазалық траекториямен сәйкес келетін қисық теңдеуін береді.
Фазалық траекториялардың басты ерекшеліктерін атап кетейік:
1.
Егер
функциясы
кейбір R
аймағында анықталған болса, осында өзі үздіксіз және үздіксіз жеке түындыға
иеболса, онда фазалық жазықтықтың кез-келген нүктесінен (у=0 және
=0
жағдайындағы тепе-теңдік жағдайы немесе ерекше нүктелерді есепке алмағанда) бір
жалғыз қисық өтеді (Коши теоремасы). Бұл фазалық траекториялар магнитті спектр
күшсызықтары секілді қиылыспайтынын білдіреді. Егер функция үзілісті болса,
біртаңбалы емес, яғни Коши шарттарын қанағаттандырмаса, онда қозғалысты әр
қайсысында
функциясы
Коши шарттарын қанағаттандыратын бөліктер бойынша зерттейді.
2.
жағдайында
х айнымалысы өсетін болғандықтан, жоғарғы фазалық жартыжазықтықта
t
өсуіне қарай кескіндеуші нүкте фазалық траектория бойынша солдан оңға қарай
жылжиды. Төменгі жартыжазықтықта – оңнан солға қарай.
3.
нүктеде,
яғни ерекше емес нүктелерде, фазалық траекториялар оң жартыжазықтықта абсцисса
осін жоғарыдан төменге қарай тік бұрышпен қиып өтеді, сол жартыжазықтықта
абсцисса осін төменнен жоғары қарай тік бұрышпен қиып өтеді.
4.
жағдайында,
яғни ерекше нүктелерде қозғалыс тоқтайды.
Фазалық кеңістік
әдісі екінші реттік жүйелерді зерттегенде кең қолданыс тапты. Бұл жағдайда
фазалық кеңістік жазықтық болып табылады. Фазалық жазықтықтың координаты ретінде
жүйенің шығыс координатасын (х деп белгілейміз) және оның туындысын
аламыз.
Егер белгілерді енгізсек:
(10-3)
Екінші реттік қисықсызықты жүйенің дифференциялдық теңдеуі келесі түрде жазылады:
(10-4)
мұнда: F1, F2 – қисықсызықты функциялар.
Екінші теңдеуді біріншіге бөліп, уақытты ескермей, келесіні аламыз:
(10-5)
(10-5) дифференциялдық теңдеуін шешу берілген жүйенің фазалық жазықтықтағы фазалық траекториясын береді.
Фазалық траекториялар үшін теңдеулерді сандық интегралдауды қолданған кезде (10-5) түріндегі теңдеулерді интегралдау қажет.
Көп жағдайларда мұндай есептеулерді зерттелуші жүйені сапалық зерттеу жасағаннан кейін жүргізеді. Бұл жағдайда сапалы дифференциялдық теңдеулер әдісін қолдану нәтижесінде, фазалық кескіндер құрылымын анықтайды – осы жүйедегі мүмкін тепе-теңдік жағдайларының саны мен типі, шекті циклдер саны және олардың орналасуы, яғни осы жүйедегі жұмыс режимдерінің жиыны шығарылады. Ары қарай сандық әдістер көмегімен берілген бастапқы шарттар үшін есептеулер жүргізіледі.
х=0 және у=0 тепе-теңдік жағдайларында келесіні аламыз:
(10-6)
Осы жүйені шешу нәтижесінде ерекше нүктелер, яғни тепе-теңдік жағдайлары алынуы мүмкін.
Екінші реттік түзу сызықты жүйелердің әр түрлі фазалық траекторияларын, оларды өтпелі процестермен байланыстыра отырып қарастырайық.